Abstract:
Мақалада жалпы ғылымда діл мəселесі бастапқыда тек əлеуметтану жəне мəдениеттану аясында
қаралғаны дəлелденген. Алайда ділдік лексикон дегенде тілтанушы ділді зерттеп кетсе,
лингвистикалық нысаннан ауытқып кететіндігі айтылады. Өйткені ділдің тілге ықпалы күшті десек те,
екеуі бір нəрсе деуге келмейді. Авторлар тарапынан тіл ділдің тікелей фотографиялық суреті емес
екені ұсынылған. Сондықтан ділдік лексиконды «діл» деген жалпы гуманитарлық үлкен мəселенің бір
аз бөлігі ғана деп есептеген жөн. Оның өзінде бұл жолы біз ұсынып отырған мақаламызда Абайдың
ділге қатысты дəйектемелерін талдаумен ғана шектелеміз. Бізге батыс пен орыстың ментальділік пен
тілдің байланысы туралы пайымдаулары кеңінен таныс. Солардың жолын ұстанатынымыз да
жасырын емес. Дей тұрсақ та, өз топырағымызда не бар екенін түгендеп алудың ғылымның табиғи
жолмен дамуына, оның шынайылығына ықпалы зор болатындықтан, тіл мен ментальділікті, яғни ділді
осы жосықпен пайымдауға тырысады. Осы тұрғыдан келсек, діл мен тілдің орайласуы туралы
мəселенің қазақ тілтануындағы бастауларын Абайдың қара сөздерінен көруге болатындығы
тұжырымдалған.