Abstract:
Жаңа əлемдік тəртіптің қалыптасуы жағдайында аймақтық қауіпсіздік мəселесінің ерекшеліктерін
кешенді түрде зерттеу маңызды болып саналады. Əдістемелік тəсілдер халықаралық қатынастардың
жүйесіне, қауіпсіздік жүйесін құрылымдауға жəне олардың көпжақты элементтерін айқындауға
қатысты жаңа анықтамалар мен бағыттарды ескеруді талап етеді. Мақала тақырыбының өзектілігі
аймақтық қауіпсіздік кешені теориясының негізгі ережелерін салыстыра қарастырумен анықталған.
Мақала авторлары əртүрлі мектептер мен бағыттардың шеңберіндегі парадигмаларды ескере отырып,
тарихи ракурста аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тəсілдерінің арақатынасы мəселелерін
қарастырған. Авторлар қауіпсіздіктің аймақтық кешені теориясы аймақтық қауіпсіздік мəселелерін
зерттеу барысында маңызды болып саналады деген қорытынды шығарады.